Синоптиктердің мәліметінше, облыстың оңтүстік бөлігінде нөсер жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Таулы өңірлерде қар қалың жаууы мүмкін. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орын алады деп болжануда. Алматы және Қонаев қалаларында да осыған ұқсас метеорологиялық жағдай тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр болады деп күтіледі.
Құтқару қызметтері, медицина ұйымдары және полиция күшейтілген режимде жұмысқа көшті. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қосымша күш жұмылдырған.
Мамандар жүргізушілерге арнайы сақтық шараларын ұстануды ескертті. Атап айтқанда:
жазғы дөңгелектерді шұғыл түрде қысқы үлгіге ауыстыру;
жылдамдықты шектеу және көліктер арасындағы қашықтықты сақтау;
мүмкіндігінше алыс сапарлардан уақытша бас тарту;
таулы және республикалық маңызы бар трассаларда аса мұқият қозғалу.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады — көктайғақта абай болу, қажетсіз жағдайда далаға шықпауды ұсынады.
Метеорологтар қолайсыз ауа райы 5 қараша күні бойы сақталатынын ескертті.





