Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында автокомпоненттер мен автокөлік қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыттың ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Теміржол ауылдық округінде еліміздің автоөнеркәсібін жаңа деңгейге көтеретін маңызды нысан – «QazElastoPlast» ЖШС автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын зауыттың ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа өндіріс орны заманауи технологияларға негізделген және Қазақстанның көлік саласын дамытуға, импортты алмастыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

 Салтанатты рәсімге мемлекеттік органдардың өкілдері, серіктес компаниялардың жетекшілері және отандық автоөнеркәсіп саласының мамандары қатысты. Қонақтар қатарында: «Астана Моторс» компаниясының Бас директоры – Бекнұр Несіпбаев, “Hyundai Auto Kazakhstan”  компаниясының Бас директоры  Марат Смағұлов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев болды.

Алдымен жаңа нысанның лентасы қиылды.  Сонымен қатар, зауыттың өндірістік қуаттылығы, алдағы жоспарлары таныстырылып, «QazElastoPlast» пен серіктес ұйымдар арасында ынтымақтастық келісімшарттарға қол қойылды.

Аталған кәсіпорын алғашқы кезеңде жылына 5 мыңнан астам автоқұрамдас бөлшектер жиынтығын өндіреді. Ал 2027 жылға қарай өнім түрлерін 100-ден астам модельге жеткізіп, өндіріс қуаттылығын 230 мыңнан аса жиынтыққа ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұл өндіріс орнының іске қосылуы Жамбыл ауданының экономикасына серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, аудан халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік береді.

Тегтер: автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыталматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz