Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында асық ату мен бес асықтан чемпионат өтіп жатыр

Алматы облысында ұлттық спорт түрлері – асық ату мен бес асықтан чемпионат басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жарысқа облыс аудандары мен Қонаев қаласынан келген 2005–2008 жылдары туған 70-тен астам ұлдар мен қыздар қатысуда.

Ұлдар асық ату жарысында бақ сынауда. Бұл – қарсыластың асығын дәлдікпен атып түсіруді қажет ететін дәстүрлі ойын. Қыздар болса бес асық ойыны арқылы өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зейінін және қимыл үйлесімділігін көрсетуде.

Жетекші жаттықтырушы Еркін Рақымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде бұл ұлттық ойындармен 1000-нан астам адам тұрақты түрде айналысады. Асық ату мен бес асық – енді тек ермек емес, толыққанды спорт түріне айналған.

«Бұл чемпионат – жай ғана жарыс емес, халқымыздың ғасырлар бойғы тарихын бейнелейтін рухани дәстүрдің жалғасы», – деді Еркін Рақымбаев.

Жарыста Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарынан келген мықты командалар жоғары нәтиже көрсетуде. Облыстық турнирдің жеңімпаздары 18–23 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан біріншілігіне жолдама алады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz