Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғаш рет асқазанға ота сәтті жасалды

Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық жоғары технологиялық операция сәтті жасалды. Маңызды хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Операцияға медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспанов қатысты.

Сонымен қатар отаны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев бірлесіп жүргізді.

Бариатриялық-метаболикалық ота деген не?

Бұл — семіздік пен онымен байланысты ауруларды, соның ішінде 2 типті қант диабетін емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жиынтығы.
Операцияның негізгі мақсаты:

  • салмақты ұзақ мерзімге тұрақты төмендету,

  • зат алмасуды қалыпқа келтіру,

  • семіздікпен байланысты тәуекелдерді азайту.

Профессор Орал Базарбайұлы Іле аудандық ауруханасының дайындығы жоғары екенін атап өтті.

«Мұндай оталардың аудандық ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам. Бұл тұрғындардың өз аймағында тиімді әрі заманауи ем алуына мүмкіндік береді. Іле аудандық ауруханасының кәсіби деңгейі мен хирургияны дамытуға деген талпынысын ерекше атап өткім келеді», – деді ол.

Айта кетейік, бариатриялық-метаболикалық хирургия қызметі МӘМС жүйесі аясында толықтай тегін көрсетілді. Бұл пациентке жоғары білікті медициналық көмекті ешқандай қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік берді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz