Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Alatau Investment Forum 2025: 776 млрд теңгеге 16 меморандумға қол қойылды

Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші елдерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл — өңірдің Қазақстандағы ең тартымды инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Форум барысында облыстың бос өндірістік аймақтары, индустриалды зоналары, логистикалық хабтары мен жаңа инфрақұрылымдық мүмкіндіктері таныстырылды. Инвесторларға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, логистика және туризм бағыттарындағы жобалар ұсынылды.

Форумды ашқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің ашықтығын, инвесторға қолайлы саясатты және бизнеске нақты қолдау тетіктерін атап өтті.

«Біз жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 216 жобаны бақылауда ұстап отырмыз. Бұл — 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 72 жоба шетелдік капиталдың қатысуымен іске асуда. Бұл — халықаралық компаниялардың өңірге деген сенімінің айқын көрінісі», – деді әкім.

Облыста 7 жұмыс істеп тұрған және 9 құрылу кезеңіндегі индустриалды аймақ, жаңа логистикалық парктер, «Бір терезе» қағидаты бойынша цифрлық сервистер және ГЧП жобалары іске қосылған.

Жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандум мына салаларды қамтиды:

  • өнеркәсіп

  • агросектор

  • логистика

  • энергетика

  • туризм

Келісімдер аясында:

  • халықаралық құрылыс компаниясының жобасы,

  • LED-экрандар өндіретін зауыт,

  • трактор шығаратын өндіріс,

  • ірі индустриалды-логистикалық кешен,

  • заманауи көтерме-тарату орталығы

жүзеге асырылатын болады.

Форумға қатысқан Қытайдың Циндао қаласы әкімінің орынбасары Гао Цзянь екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, автомобиль жасау, жоғары технологиялар, жасыл энергетика, биомедицина және логистика салалары бойынша бірлескен жобаларды дамытуға үлкен мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары өңір инвестиция көлемін айтарлықтай арттырды:

  • 2022 жылы — 614 млрд теңге

  • 2024 жылы — 1 трлн теңгеден астам

  • 2025 жылдың 10 айында — 834 млрд теңге
    ФКИ — 116%

Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 1,3 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары іске қосылған маңызды нысандар:

  • Focus Logistics логистикалық паркі

  • Алтын Таға бетон зауыты

  • LC Waikiki көтерме орталығы

  • КегенМясПром ет комбинаты

  • Шин-Лайн балмұздақ фабрикасы

  • Қапшағай Бидай Өнімдері агрокомплексінің кеңеюі

Жыл соңына дейін «MP Solution», «Kusto Logistics», «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» сияқты А класындағы жаңа логистикалық кешендер ашылады. Соның арқасында өңірдің логистикалық қуаты 16 есеге артып, 7 мыңнан 111 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Агросекторда экспортқа бағытталған өндірістер де күшейіп келеді: «Galanz Bottlers», «QAZAQ GLOBAL FOOD», «Прима Құс» жобалары соның дәлелі.

Форум нәтижелері Алматы облысының инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қол қойылған меморандумдар жаңа өндірістердің құрылуына, экспорт көлемінің артуына, логистика мен агросектордың дамуына және мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етпек.

Алматы облысы бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz