Сапар кезінде Есболатов көрсетілетін қызметтердің сапасын, қызмет алушылар үшін жасалған жағдайларды және пқызметкерлердің жұмысын бағалады. Белгілі болғандай, әрбір орталықта қызмет алушылардың қажеттіліктеріне сай жұмыс жүргізіліп келеді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары кейбір бағыттар бойынша ыңғайлылықты арттыруға бағытталған ұсыныстар берді. Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау инфрақұрылымы да басқа салалар сияқты тұрақты дамуды қажет етеді.
Есболатов әлеуметтік нысандардың жұмысын күшейту – азаматтардың өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін айтты.
«Әлеуметтік инфрақұрылым медицина мен білім беру сияқты қарқынды дамуы тиіс. Көмекке мұқтаж адамдар өзіне қажетті қолдауды дер кезінде және лайықты деңгейде алуы керек», – деді ол.
Облыс басшылығы алдағы уақытта да әлеуметтік мекемелердің қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.





