Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 900 орындық жаңа мектеп ашылды

Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 900 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Үш қабатты заманауи оқу орны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мектептің ішкі инфрақұрылымы қазіргі заман талаптарына толық сай. Білім ордасында пәндік кабинеттермен қатар, STEM және робототехника сыныптары, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, спорт және акт залы, кең асхана мен мәжіліс залы бар.

Мектептің ашылу салтанатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков сөз сөйлеп, бұл нысан өңірдегі маңызды әлеуметтік мәселенің шешіміне айналғанын атап өтті.

«Бұл білім ордасы – Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген алғашқы заманауи мектептердің бірі. Мемлекет басшысының «Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек» деген сөзі осы істің мәні мен маңызын айқындайды», – деді ол.

Әкімнің айтуынша, өткен жылы өңірде 9 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 17 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері белсенді қолданылып, жеке инвестициялар да тартылуда.

Мұндай нәтижеге жетуде жергілікті атқарушы органдардың жұмысы ғана емес, партиялық бақылау мен саяси қолдаудың да рөлі зор. «AMANAT» партиясы өңірлердегі инфрақұрылымдық бастамалардың жүзеге асуына тікелей атсалысып келеді.

«Екі жыл бұрын біз мектеп тапшылығы мәселесін шешуге уәде берген едік. Сол кезде облыста үш ауысымды 52 мектеп болған. Қазіргі таңда бұл сан 30-ға дейін қысқарды. Жаңалық ауылындағы мектеп – Жол картасында белгіленген 63 мектептің бірі. Бұл құрылыс басталған күннен бастап партиялық бақылауда болды. Уәде берген соң, сол істің басында болу – біздің міндетіміз», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев.

Айта кету керек, өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңарту – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Жол картасында көзделген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқытуды азайтып қана қоймай, мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс орындарының санын арттырып, жыл сайын мыңдаған балаға қолайлы оқу жағдайын жасауға мүмкіндік беруде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz