Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2025 жылы 1,3 трлн теңгеге 35 ірі инвестициялық жоба іске асырылады

Алматы облысында 2025 жылы өнеркәсіп, логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларында жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ірі жобалардың қатарында әлемдік деңгейдегі Pepsico зауытының құрылысы, LC Waikiki көтерме-тарату орталығы, Qazaq Global Food қайта өңдеу зауыты, сондай-ақ Kusto Logistics, MP Solution, Oasis Logistics, Еуразиялық логистикалық парк секілді маңызды индустриялық және логистикалық хабтардың дамуы бар. Бұл жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық бағытты кеңейтуге ықпал етпек.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылы өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 трлн теңгеге жетіп, 23 жаңа өндіріс орны іске қосылған. Солардың бірі – өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі саналатын KT&G темекі фабрикасы. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және кеңейту нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Өңірдің Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас аймақта орналасуы Алматы облысын маңызды өңірлік транзиттік және логистикалық орталыққа айналдыруда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 1786 гектарды құрайтын төрт индустриялық аймақ жұмыс істейді, тағы екі аймақтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Alatau» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылуда.

Жалпы, Алматы облысында жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Қытай капиталының қатысуымен іске асырылып жатқан құны 1,9 трлн теңге болатын 34 жоба бар. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, жасыл энергетика және су шаруашылығы салаларын қамтиды.

Соңғы екі жылда облыс әкімінің басшылығымен Қытайдың 14 өңіріне бес жұмыс сапары ұйымдастырылып, 70-тен астам кәсіпкермен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде, 100-ден астам екіжақты кездесу өткізіліп, 30-дан астам меморандумға қол қойылды.

Инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылуы, инфрақұрылымның дамуы және кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолайлы жағдайлар Алматы облысын елдегі жетекші индустриялық және логистикалық орталықтардың біріне айналдырып келеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz