Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 200-ден астам банк қызметкеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы мамандары Қонаевта орналасқан бірнеше екінші деңгейлі банктерді аралап, олардың құқықтарын түсіндірді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
26.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қатысушы қаржы саласының мамандары тарапынан пациенттердің емхана таңдау ережесі, шұғыл жағдайда көмек алу, «сақтандырылған» мәртебесі арқылы қандай медициналық көмек қолжетімді, жалған жазбалар кезіндегі әрекет сынды тақырыптарда бірқатар сұрақ болды. Білікті қор өкілдері тұшымды жауап беріп, қатысушыларға қажетті ақпарат ұсынды.

 

«Жалпы МӘМС жүйесінің негізгі принциптері: әлеуметтік бағыт – мемлекет 15 жеңілдетілген санаттағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді, ортақ жауапкершілік – мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар халықтың денсаулығына жауапты, медициналық көмекке тең қолжетімділік – әрбір сақтандырылған азамат төленген жарналардың мөлшеріне қарамастан қажетті медициналық көмек көлемін алуға құқылы, ақша пациенттің соңынан жүреді – пациент, егер ол Қордың жеткізушісі болса, медициналық қызметтерді алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, пациенттердің құқықтарын қорғау – Қор медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер үшін төлемдерді көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады», — дейді баяндамасында облыстық филиалдың бөлім басшысы Әкімбек Саурықбаев.

Банк қызметкерлерімен өткен түсіндіру жұмыстарында 200-ден астам маман қамтылды. Олар өздерін толғандырған сұрақарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Айта кетерлігі, МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстарды дамытып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғаса береді, — дейді шара ұйымдастырушылары.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz