Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 11 айда 23 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында соңғы 11 айдың ішінде 23 мыңға жуық нәресте дүниеге келді. Оның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 1000-нан астам сәби өмірге қадам басты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасы ерекше қолайлылығымен танылуда. Мұнда босану бөлмелері жеке-жеке жоспарланған және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Айрықша жабдықтардың қатарында трансформер төсектері, кардиомониторлар, жылытылатын үстелдер, операциялық шамдар және электронды таразылар бар. Перзентхананың басты ерекшелігі — барлық процедуралардың бір реттік құралдар арқылы жүргізілуінде.

Бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін дүниеге әкелген Айнұр есімді жас ана перзентханадағы жағдайдың жоғары деңгейін атап өтті. Оның айтуынша, босану бөлмесінде өзін еркін әрі жайлы сезінген. Жеке қажеттіліктеріне сай киімдер мен гигиеналық құралдарды пайдалануға мүмкіндік болған, сондай-ақ сүйікті әуендерін тыңдауға жағдай жасалған.

Әйелдер кеңесінің акушер-гинекологы Назгүл Елеусізова:
«Біздің перзентханада дәрігерлер табиғи босануды қолдайды. Босану процесінде кез келген медициналық араласу босанушы әйелдің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Тәуекел тобына жататын науқастар мен перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары сапалы көмек көрсетеміз. Сонымен қатар, кесар тілігінен кейін табиғи жолмен босану тәжірибесі де бар,» – деді.

Өткен 11 айда Алматы облысында 204 егіз және бір үшем дүниеге келгені де ерекше қуанышты жайт болды.

Алматы облысы денсаулық сақтау саласының бұл жетістіктері өңірдегі медициналық қызмет сапасының артуын дәлелдейді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz