Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1 ақпаннан бастап «Мал ұрлығын тоқтату» жобасы іске қосылды

Алматы облысы прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе отырып мал ұрлығын азайту мақсатында жоба бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов баяндады.

Мөлдір Иманмади
05.02.2024
Аймақ, Алматы облысы

Спикердің айтуынша, облыста мал шаруашылығы жақсы дамығандықтан, баукеспе ұрылардың бөтеннің мүлкіне қол сұғуы белең алған. Мәселен, соңғы 3 жылда 900-ға жуық мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Ал, биыл 24 мал ұрлығы анықталып, иелеріне 7 млн теңге шығын келтірілген.
Баспасөз-мәслихаты барысында Мергалым Смагулов жобаның нақтылаған уақыты 1 ақпанан бастап жыл сонына дейін жүзеге асатынын тілге тиек етті.
Қазіргі таңда спикердің айтуынша шаруа қожалықтарының иелерімен және бақташылармен төрт түлік малды қараусыз қалдырмау, чиптеу, мал базарға немесе бір орыннан екінші орынға тасымалдау кезінде рұқсат қағаздармен тасымалдау бойынша кең ауқымда түсіндіру шаралары жүргізілуде.
Спикер, облыс бойынша қазіргі таңда азаматтар арасында төрт түлікті заңсыз сою мен ет өнімін сату фактілері тіркелмегенін, мал ұрлаудың саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.
«Мал ұрлығымен күресу барысында жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Тұрғындар өзіне тиесілі мал-жанға бас-көз болуы керек, онсыз құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен күресі нәтиже бермейді. Облыс тұрғындары да мүліктеріне жауапкершілікпен қараса, біз қолға алған жоба өз жемісін береді деген сенімдеміз»,- деді Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Санэпидкомитет төрағасы Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz