Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысынан Батыс Қазақстанға арнайы техникалар жөнелтіліп жатыр

Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар жөнелтілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.04.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысынан жиналған техникалар құрамында, камаз, самосвал, трактор, су тасығыш және моторлы қайықтар бар. Техниканы жөнелтуге дайындық жұмыстарына 300-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері, 32363 әскери бөлімінің 55 әскери қызметкері және Қонаев қаласының әкімдігі қажетті материалдарды қамтамасыз етіп, жабдықтарды платформаға тиеді. «Маревен Фуд Тянь-Шань» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Арсамақов су басқан өңірлерге бара жатқан жүргізушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.

— «Алматы облысы әкімдігінің бастамасымен Қонаев және Алматы қалаларының станцияларынан Батыс Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске жалпы саны 166 арнайы техника жіберіледі, жақын маңдағы өңірлерден Алматы облыс жалдаған 41 техника апат аймақтарында жұмысын бастады. Кеше 60 техника және ішінде 4 қайық тиелген 47 платформа жолға шықты. Сонымен қатар 65 техника платформаларға тиеліп жөнелтуді күтіп тұр. Әр пойыз дайын болған бойда жөнелтіліп отырады. Әр техникаға бір-бір жүргізуші тағайындалып, олар да пойыздың басындағы жолаушылар вагонына орналасқан. Бұл шараға облыс кәсіпкерлері, коммуналдық қызметтер мен облыстық басқармалар, сонымен қатар шаруа қожалықтары қатысуда. Халқымызды табиғаттан келген тосын жағдайдан қайткенде аман алып шығамыз, Біздің күшіміз бірлікте», — деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов.

Айта кетейік, айдың басында облыстық төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласына 33 жеке құрам мен 13 техника аттандырды, олар күні бүгінге дейін бар. Абай ауданына 6 құтқарушы мен 2 бірлік техника жіберілді. Ал бүгін 4 құтқарушы мен 2 қайық жөнелтіледі.

Жөнелтілген техника шамамен үш күн жол жүріп және учаскеге жеткен соң барлық қажетті жұмыстарды бастайды.

Тегтер: Алматы облысыарнайы техникаларБасты жаңалықтаргуманитарлық көмекинженерлік техникаларсу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz