Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Табиғатты қорғау жолындағы нағыз еңбек адамы немесе Балқаштың байлығын қорғаған батыл инспектор

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторы Айдархан Мырзалы – осы салада жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Балық ресурстарын қорғау ісіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтың бұл саладағы еңбек өтілі – 26 жыл.

Балнұр Асанова
31.07.2025
Алматы облысы, Мақала

– «Біздің жұмыс үнемі қозғалыста. Күн-түн, жаз-қысы жоқ – табиғатпен тығыз байланыста болғандықтан, рейдтер жиі ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 40-қа жуық рейд өткіздік. Соның нәтижесінде 20-ға жуық құқық бұзушылық анықталып, бір іс сотқа дейін жетті», – дейді Айдархан Мырзалы.

Маманның айтуынша, заң бұзушылықтар көбіне балық аулау ережелерін сақтамаудан, рұқсат қағаздарының болмауынан, ау құралдарында белгі болмауынан туындайды. Инспекцияның басты мақсаты – балық қорын сақтау, қорғау және көбейту.

Балқаш көлінде сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген бекіре, балқаш алабұғасы және мұртты балық (усач) мекендейді. Айдархан Мырзалы бұл балықтарды қорғау – үлкен жауапкершілік екенін айтады.

– «Егер бұл балықтар балықшылардың ауына түсіп қалса, оларды тірідей қайта суға жіберу керек. Ал кәсіптік балықшылар болса, арнайы журналға тіркеуі қажет», – дейді ол.

Айта кетейік, Айдархан Мырзалы еңбек жолын балық аулау колхозында бастаған. Кейін табиғатты қорғауға ниет білдіріп, 1999 жылы қазіргі қызметіне келген. Оның айтуынша, әкесі де осы салада еңбек еткен – Балқаш, Қарағанды, Марал өңірлерінде балық қабылдау пунктінде жұмыс істеген.

– «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген сөз бекер емес. Ата-бабаларымыз Арал өңірінде туып өсіп сол теңізде қызмет еткен соң, бұл кәсіп бізге жақын, – дейді инспектор.

Инспекция қызметі бүгінде кадр тапшылығын да сезініп отыр. Мысалы, Төменгі Іле бөлімінде 25 балық аулау мекемесі тіркелген, оларды бақылау, тексеру міндеті осы бөлімнің құзырында. Қызметкерлердің саны шектеулі болғандықтан, әр аумаққа бірдей үлгеру қиынға соғады. Дегенмен, инспекция қызметкерлері әрбір заңбұзушылыққа дер кезінде жауап беруге тырысады.

Айдархан Мырзалының біліктілігі мен тәжірибесі жастарға үлгі. Инспекцияның жас маманы Алмат Асхатұлы ағаның тәлімгерлік қырын ерекше атап өтті.

– Бұл салада жүргеніме екі жыл болды. Айдархан ағадан көп нәрсе үйрендім. Ол тек тәжірибелі маман ғана емес, сонымен қатар адамгершілігі мол, ақыл-кеңесін аямайтын кісі. Заң бұзушылармен қарым-қатынас кезінде де сабырлы әрі кәсіби түрде әрекет ету жолын көрсетіп отырады, – дейді ол.

Айдархан Мырзалы – табиғатты қорғау жолындағы нағыз еңбек адамы. Оның еселі еңбегі – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған үлес. Бүгінгі қоғамға керек еңбек адамының бейнесі. Табиғатты шын жүректен сүйетін, ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыру үшін күресіп жүрген жан. Оның еңбегі – судың әр тамшысында, көлдің әр тынысында көрініс табады.

Тегтер: Айдархан МырзалыАлматы облысыБалқаш ауданыБасты жаңалықтареңбек адамы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz