Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Шелек ауылында кәріз құбырын тарту жұмысы қашан аяқталады?

Алматы облысы Шелек ауылында кәріз құбырын тарту жұмысы 10 жыл өтсе де аяқталмай тұр. Бұл жобамен айналысып келе жатқан «Еламан» ЖШС компаниясы бюджеттен бөлінген қаражат жеткіліксіз екенін айтып, істі аяқсыз қалдырған

15.04.2024
Алматы облысы

Инженерлік желіні орнату үшін мердігер 22 шақырым жерді қазып тастаған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, аяқсыз қалған құрылыс салдарынан құбырлар жиі жарылады.

Ал 10 жылдан бері құбыр орната алмай жүрген мердігер бюджеттен ақша қайта бөлінген кезде құрылыс заттарының қымбаттап кеткенін, оған дейін тек кәріз тазарту құрылғысын орнатып үлгергенін айтады. Ал қалған жұмыс қаражаттың қайта есептелуін күтумен тоқтап қалған сыңайлы.

«Кәріз тазарту құрылғысы 1 миллиард 17 миллион теңге тұрады. Егер бұл ақшаны алдыңғы жылдары берген болса, оны бірден қояр едім. Бес жыл бойы бөліп-бөліп орнаттым. Жұмыстың біраз бөлігіне қаражатты қалтамыздан шығардық. Кез келген жоба 3 жылға есептелуі тиіс. Одан кейін бағасы, жұмысы өзгереді, сараптаманы күтеміз», – деді мердігер компанияның өкілі Артығали Миразов.

Жоба 2014 жылы басталып, оған 1 млрд 403 млн теңге бөлінген. Ал одан кейінгі 3 жылда қаржыландыру тоқтап қалған. 2018 жылы бюджет қайта қарастырылып, тиісті шаруа қолға алынған. Ал 2019 жылы мердігер бекітілген қаражаттың жеткіліксіз екенін айтып, әкімдікке жұмыстың тоқтатылуы жөнінде хаттама жіберген.

Айта кетейік, инженерлік желілерді жүргізіп, жұмысты аяқтау үшін бюджеттен қосымша қаржыландыру қажет. Жабдықтардың қымбаттауын есептегенде, оның құны шамамен 588 млн 850 мың теңге болады.

Тегтер: енбекшиказахский районЕңбекшіқазақ ауданыкәріз желілеріСточные трубышелек

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz