Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Құйған мен Бірлікте – тіршілік көзі тұрақтанды: ауылдарға таза ауыз су жеткізілді

2025 жылы Құйған және Бірлік ауылдарында тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш жүзеге асып отыр. Екі ауылда да ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу мен толық жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Балнұр Асанова
01.08.2025
Алматы облысы, Мақала

Құйған ауылында жаңа су жүйесінің құрылысы 2025 жылдың 21 сәуірінде басталып, жоспар бойынша 21 тамызында аяқталу қажет. Жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 718 миллион теңге бөлінді. Бұған дейін ауылда 2002 жылы салынған су жүйесі болғанымен, қысымы әлсіз әрі халықты сумен толық қамтамасыз етуге жетпеген.

Құйған ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Төлеуұлының айтуынша, жаңа жоба аясында 23 шақырымдық су құбыры тартылып, 100 пайыз тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар, екі 100 текше метрлік резервуар, 200 тонналық, және биіктігі 18 метр болатын 25 кубтық мұнара орнатылуда. Су ашық жүйеден алынып, биологиялық сүзгіден өтіп, халыққа жеткізіледі деп отыр.

Ауыл тұрғындары да бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдауда.

«Бұрын су жүйесі болды, бірақ оның қысымы әлсіз еді — бір көшеде су болса, екіншісінде мүлде болмады. Енді міне, бүкіл ауылға бірдей таза су жететін болды. Бұл – көптен күткен қуаныш. Су -тіршілік көзі. Су бар жерде ел көгереді, жер көгереді. Осындай мүмкіндік жасап жатқан мемлекетімізге алғысым шексіз», — деп пікір білдірді Құйған ауылының тұрғыны.

Ал Бірлік ауылында да ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл ауылда ауыз су жүйесі алғаш рет 2007 жылы салынған болатын. Алайда сол кезде тоғыз көше жүйеден тыс қалған еді. Биылғы көктемде басталған күрделі жөндеу жұмыстары барысында бұл көшелерге де су тартылды. Сонымен қатар, екі 300 кубтық жаңа резервуар салынды, су қабылдау мұнарасы ауыстырылды және ауыл ішіндегі электр жүйесі толықтай жаңартылды.

«Бұрын 400 үйдің 200-інде ғана су бар еді, қазір барлық үйге су жетіп отыр. Бұл тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Су жүйесі тек қалпына келтіріліп қоймай, бұрынғы тартылған құбырларға да қосымша желілер жалғанды,» — деді Бірлік ауылдық округі әкімінің аппарат бас маманы Андрей Эдуардович.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жаңартылған жүйенің ең басты артықшылығы — су сапасының жоғарылауы.

«Су енді биосүзгіден өтіп келеді, бұл халық денсаулығы үшін өте маңызды. Бұрын тартылған жүйелер толыққанды жұмыс істемеген. Енді ауыз су қауіпсіз әрі қолжетімді болды», — дейді Бірлік ауылының тұрғыны Каркен Анипин.

Екі ауылда да жүргізіліп жатқан бұл ауқымды жобалар – еліміздің шалғайдағы елді мекендерін өркендетуге бағытталған нақты қадам. Таза ауыз суға қол жеткізу – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тіршілік сапасын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Тегтер: Алматы облысыАуыз су жүйесіБалқаш ауданыБасты жаңалықтарБірлік ауылдық округіҚұйған ауылдық округі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz