Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаевта жер учаскелері түгенделіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы жерлерді тиімді әрі мақсатты пайдалану, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару – басты міндет. Қонаевта да аталған бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі таңда мәселе туындап отырған бірнеше жер учаскелері бар. Мысалы, 18 шағын ауданда мәдени-ойын-сауық орталығына арналған жердің нысаналы мақсаты тұрғын үй құрылысына өзгеріп кеткен. Қазір мұнда аумағы 0,10 гектардан 6 жер иесі бар. Бұған дейін осы жердегі ағаштарды кесу және құрылыс жұмыстары әкімдік тарапынан тоқтатылған болатын. Бұл мәселені жер иелеріне басқа шағын ауданнан жер беру арқылы шешу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Индустриальная көшесі 108В учаскесі 2021 жылы рәсімделген. Қазір мұнда кафе салынып жатыр. Алайда, көршілес жер пайдаланушылардан арыз-шағымдар түскен. Сондықтан Алматы облыстық жер ресурстарын басқару департаменті берген талап-арыз негізінде сот процесі Қонаев қалалық сотында қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, аквапарк жанындағы пайдаға аспай жатқан жер, жол салынуы тиіс жерге басқа нысан салынып жатқан аумақ та қала әкімдігінің бақылауына алынды. Қонаев қаласының Бас жоспарына сай жұмыс жүргізу үшін шаһардағы жер учаскелерінің барлығына мониторинг жүргізіліп, түгенделеді. Биыл пайдаланылмай жатқан 7000 гектар жерді мемлекет меншігіне алу жоспарланған, оның 2 мыңнан астам гектары қайтарылып, мақсатты жұмыс атқарылуда.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz