Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Премьер-министр Алматы облысында агроөңдеудің экспорттық әлеуетімен танысты

Мөлдір Иманмади
15.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Сапар барысында агроөңдеуді дамытуға көңіл бөлінді. Премьер-министр «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының базасында агроөнеркәсіптік кластердің қызметімен танысты, онда жаңғырту нәтижесінде ұн, өсімдік майы және мал азығын өндіру бойынша 1 млн тоннадан астам қуаттылық қалыптасты. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын тек жергілікті шикізат базасын пайдаланады және экспортқа бағдарланған: бір жарым айда шамамен 110 мың тонна өнім өндірілді, оның 98%-ы ҚХР нарығына, өнімдер ҚХР нарығына, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілді, өткен жылы алғаш рет қазақстандық астықты Вьетнамға жөнелту жүзеге асырылды. Ендігі жоспар – өндірістік қуатты екі есеге арттыру.

Жобаны жүзеге асыру Алматы облысының экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып, астық экспортының көлемін 10%-дан астам ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорындарды аралау қорытындысында Премьер-министр қайта өңдеу өндірістерін, логистиканы және қосылған құны жоғары өнім экспортын дамытудың басымдығын атап өтті, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне тұрақты жұмыс істеу және кәсіпорындарды одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы алғанда, экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын дамыту және арттыру өңдеу өнеркәсібінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді, тек 2025 жылдың 8 айында оның көлемі $618,5 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға артық, осылайша экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі шамамен 90%-ға жетіп отыр.

«Біздің мақсатымыз – қосылған құны жоғары өнім шығару. Сондықтан кәсіпорындарға өсуі үшін тұрақты және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеуді, логистиканы және экспортты дәйекті түрде дамыту маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаролжас бектенов

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz