Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысының әскерилері Ақмоладан оралды

Аманаттықтар су тасқынына қарсы іс-шараға қатысқан әскери қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Қонаев гарнизонының 58012 әскери бөлімінің жауынгерлері бір ай бойы күн-түн демей су басқан елдімекендерден тұрғындарды эвакуациялап, бөгеттер мен жағалауларды нығайтты. Жеке құрамның 12 адам жұмылдырылды.

Мәселен, Ақмола облысы Жақсы ауданында сарбаздар Есіл өзенінен техникаларды паромдар арқылы бір беттен екінші бетке көшірген.

Облыстық «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев ризашылығын білдіріп, өлшеусіз еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

«Әскери қызметшілердің су басқан елді мекендердегі табанды еңбегін ерлік деуге болады. Елдімекендерді тәулік бойы бақылап, эвакуациялық жұмыстарға, гуманитарлық көмекті жеткізуге қатысып, арнайы техникалармен үлкен көмек көрсете отырып, Біздің күшіміз бірлікте екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Сіздерге су басқан аймақтың жұрты және «AMANAT» партиясы Алматы облысытық филиалы атынан алғыс айтамын. Өздеріңізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілей отырып, әскери борыштарыңызды адал атқаруларыңызға тілектеспін!», – деді Аслан Кубентаев.

Айта кету керек, қазіргі уақытта әскери бөлімнің қызметкерлері Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданындағы 2 мыңнан аса тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Қайықпен 500-ден астам түрлі техниканы және 120 тонна гуманитарлық көмекті көшірді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысына жөнелген сарбаздар паромдар арқылы Петропавл тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ паром арқылы Прибрежный ауылында электр жарығын қайта қалпына келтіруде.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz