Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «UMTYLYS» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен облыста алғаш рет өтіп жатқан "UMTYLYS" байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Балнұр Асанова
12.08.2025
Алматы облысы

Конкурс ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларға арналған. Ондағы мақсат ауылдық деңгейде жастармен тікелей жұмыс атқаратын әдіскер-нұсқаушылардың кәсіби шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін арттыру, үздік тәжірибелерді анықтап, оларды облыс көлемінде тарату арқылы мемлекеттік жастар саясатының тиімді іске асуына ықпал ету.

«Бүгінгі күннің маңызды оқиғаларының бірі – Алматы облысының ауылдық округтеріндегі әдіскер-нұсқаушыларға арналып алғаш рет ұйымдастырылған «UMTYLYS» байқауы өтті.  Байқауға барлығы 44 өтінім қабылданды. Комиссия шешімімен олардың ішінен 8 үздік жоба жеңімпаз деп танылды. Бұл жобалар ауыл жастарының белсенділігін арттыруға, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Жеңімпаз жобалар жыл соңына дейін нақты іске асырылып, ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде»,- деді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметов. 

Айта кетейік, байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Жеңімпаздардың толық тізімі төменде ұсынылады.

  1. Ахын Жандаулет, Балхаш ауданы  Бірлік ауылдық округі

«Таза ауыл – таза болашақ!» ауылдың экологиялық мәдениетін көтеруге және тұрғындарды таза, жайлы орта қалыптастыруға үндеуге бағытталған экологиялық бастама жобасының авторы.

  1. Еликбаева Динара, Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылдық округі

«OPEN AIR Cinema» жастар мен қала тұрғындарына арналған ашық аспан астындағы кино көрсетілім жобасы, мәдени демалысты қолжетімді әрі көңілді етуге бағытталған жобасының авторы.

  1. Малибекова Мадина Бидаулетқызы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округі

«Замануи бағытта еріктілер ұйымын құру» туралы жоба авторы.

  1. Бердикулова Ақнұр Махмутқызы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округі

«Qamaor Patsha» — жануарларды қорғау және қамқор болу ұйымын құру жобасының авторы.

  1. Мырзалиев Кахар, Ұйғыр ауданы  Қырғызсай ауылдық округі

«Kino Mobil» жылжымалы кинотеатр жобасының авторы.

  1. Тұрлыжанова Толғанай Қуатқызы, Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округі

«Jastar lab» ауыл жастарына арналған даму және идеялар зертханасы құру жобасы авторы.

  1. Орынбаева Мақпал Жеңісқызы, Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округі

«StartUp – сенің жаңа қадамың» жастарды дамытуға арналған жоба авторы.

  1. Жакапова Жансая Орысбайқызы, Кеген ауданы Алғабас ауылдық округі

«Кеген жастары» жастардың шығармашылық орталығын құру жобасының авторы.

Тегтер: "UMTYLYS" БАЙҚАУЫАлматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz