Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: жылжымалы медициналық кешен 19 ауылды аралады

Балқаш аудандық ауруханасының дәрігерлерінен құралған жылжымалы медициналық кешен 19 елдімекенді аралап шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

31.10.2022
Аймақ

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан, қала орталығынан алыс орналасқан ауылдарға дәрігерлер арнайы барып, жалжымалы медициналық кешеннің арқасында сапалы медициналық көмек көрсетті.

«Жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен азаматтар кең спектрлі тексерістен өте алады. Аталған кешен жалпы қабылдау, тәжірибелік дәрігер және талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалды диагностика, акушер-гинеколог, сондай-ақ сәулелік диагностика кабинеттерінен тұрады. Ал рентген және флюорография арнайы қорғасынмен қапталған бөлмеде қауіпсіз жағдайда жасалады», — делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сүйенсек, мамандар Құйған, Жиделі, Бала топар, Қаскелең топар, Желтораңғы, Аралтөбе, Ақжар, Қараой, Көктал, Көкжиде, Ақкөл, Үш жарма, Бура, Береке, Бояулы, Ақдала, Бірлік, Миялы, Бақбақты ауылдарына барып, 5843 адамды тексеруден өткізіп қайтты.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық кешен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көктем мен күз маусымында ғана жолға шығып, елдімекендерді аралайды.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz