Маусымға дайындық аясында 2,7 шақырым жылу желісі жаңартылды, оның ішінде 2,0 шақырымына күрделі жөндеу, 0,7 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл шаралар желілердің тозу деңгейін 42%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта 18 орталықтандырылған және 81 блок-модульді қазандықта жөндеу және дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы дайындық деңгейі 71%-ды құрайды. Барлығы 30 қазан жөнделіп, оның 5-іне күрделі, 25-іне ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 148 қосалқы станцияда жұмыстар толық аяқталды, ал 1 626 шақырым электр беру желісі жаңартылуда. Оның 391 шақырымы бюджет қаражаты есебінен (орындау – 92%), ал 1 235 шақырымы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ инвестициялары есебінен (орындау – 100%) жөнделіп жатыр. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 72%-дан 66%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Халықты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 696 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі таңда өңірге 187 мың тонна (2 710 вагон) көмір жеткізілді.
Ауа райының салқындауына байланысты жылыту маусымы келесі аудандарда басталды:
- Кеген ауданында – 24 қыркүйектен бастап;
- Жамбыл ауданында – 1 қазаннан бастап;
- Талғар, Іле аудандарында және Қонаев қаласында – 6 қазаннан бастап.
Қалған аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен 15 қазанға дейін жүзеге асырылады.





