Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары

Алматы облысы соңғы жылдары инвестиция тарту және өндірісті дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл жетістік Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық саясаттың тиімділігін және өңір экономикасына деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

2022–2024 жылдар аралығында облыстың негізгі капиталына 2 трлн 369 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның ішінде:

  • 2022 жылы – 613,9 млрд теңге,

  • 2023 жылы – 737,7 млрд теңге,

  • 2024 жылы – 1 трлн 17,6 млрд теңге.

Үш жыл ішінде өсім 60 пайыздан асты. Бұл өңірдің тұрақты экономикалық дамуын және инвесторлардың жоғары сенімін айғақтайды. Биылғы жоспар – негізгі капиталға тағы 1 трлн 352 млрд теңге тарту.

Осы аралықта тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,8 млрд АҚШ долларынан асты. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 532 млн долларды құрайды деп күтілуде.

Жаңа жобалар мен ірі кәсіпорындар

Соңғы үш жылда өңірде ТОО «KT&G», «Оспанова Девелопмент», «Корпорация ТехноНИКОЛЬ», «Прима Кус», «Шин-Лайн», «СТК Sokol», «GALANZ Bottlers», «ТК Газоблок» және басқа да ірі компаниялардың жобалары жүзеге асырылды.

Өңірде индустриалды аймақтар желісін дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда Алматы облысында жалпы аумағы 1768 гектарды қамтитын 6 индустриалды аймақ бар. Оның ішінде «Береке» және «Қайрат» аймақтарында өндіріс жұмыс істеп тұр. Ал «Шелек» пен «Қазыбек бек» бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар аяқталуда. «Тасқарасу» мен «Сұңқар» аймақтарында агроөнеркәсіп саласына басымдық беріліп, 3400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Мәселен, «Береке» аймағында Central Asia-дағы ең ірі сублимациялық зауыт іске қосылды. «Fruit Art» компаниясы салған нысанға 42,8 млрд теңге инвестиция құйылып, 247 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жылына 25 мың тонна жеміс пен жидек өңдеуге қауқарлы.

Құрылыс индустриясы – жаңа деңгейде

Өңір экономикасында құрылыс индустриясының үлесі артып келеді. Қазіргі таңда жалпы құны 235 млрд теңге болатын 14 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 3100-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мәселен, ТОО ПК «Алтын Таға» зауыты темірбетон өнімдерінің кең ауқымын шығаратын болады. Сондай-ақ, ТОО «DONG NENG» тәулігіне 1000 текше метр газоблок өндіруге қауқарлы жаңа кәсіпорын салып жатыр.

Бұл жобалар отандық құрылыс материалдары өндірісін жолға қойып, импортқа тәуелділікті азайтады, бюджет кірісін арттырады әрі жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Инвестициялық ахуалдың артықшылықтары

Алматы облысының инвестициялық саясаты – өңір экономикасының тұрақты дамуының негізі. Индустриалды аймақтардың дамуы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, шетелдік капиталдың келуі – мұның барлығы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды нығайтуға ықпал етіп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz