Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы – туризмнің жаңа орталығы

Алматы облысы туристік әлеуетін арттыру мақсатында жыл сайын жүзге жуық имидждік іс-шара ұйымдастырып, өңірдің халықаралық деңгейде танылуына және отандық туризмнің өркендеуіне жол ашып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Соңғы жылдары облыс тек қазақстандық саяхатшылардың ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығын тудырып отырғаны осы шаралардың нәтижесін айқын көрсетеді.

Қытаймен ынтымақтастық

Биылғы маңызды оқиғалардың бірі – 17 наурызда өткен Хунань провинциясының роуд-шоуы болды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған бұл шарада Алматы облысы өзінің таулы аймақтарын, көлдерін және тарихи мұраларын таныстырды. Кездесу барысында Алматы – Чаньша бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланып, SCAT әуе компаниясы қолдау білдірді.

Еуропадағы «қазақ бұрышы»

Сәуір айында Страсбург қаласында Еуропа Кеңесінің ғимаратында Алматы облысына арналған арнайы «қазақ бұрышы» ашылды. Мұнда өңірдің табиғи байлығы мен мәдени дәстүрлері көрсетіліп, Францияның Эльзас аймағының туризм саласымен әріптестік орнатылды.

Халықаралық көрмелер мен спорттық фестивальдер

Алматы облысының туристік әлеуеті KITF 2025 халықаралық туристік көрмесінде де кеңінен таныстырылды. Бұл алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік туды.
Мамыр айында өткен Tengri Ultra халықаралық фестивалі өзінің 10 жылдығын атап өтті. Жарысқа 20 елден 1850 спортшы қатысып, Іле аңғары мен Тамғалы-Тас петроглифтері арқылы өткен бағыт ерекше қызығушылық тудырды.

Азия нарығына жол

Маусым айында Шонжы ауылында «Apricot fest» фестивалі өтті. Бұл мереке өңірдің ауыл шаруашылық дәстүрін дәріптеп, гастрономиялық туризмге жаңа серпін берді. Сонымен қатар Алматы облысы Қытайда өткен ITB China 2025 халықаралық көрмесінде «Visit Alatau» брендімен таныстырылып, экологиялық және этнографиялық турларымен назар аудартты.

Жаңа жобалар мен инвестициялар

Өңір әкімдігі туризмді дамытуда ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Қытайлық «Abi Entertainment» компаниясымен Қонаев қаласында бес жұлдызды қонақүй салу жөнінде, ал вьетнамдық «Crystal Bay» компаниясымен «Ақбұлақ village» жобасын дамытуға келісім жасалды. Сондай-ақ Алматы, Ақмола облыстары және Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданымен туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Алматы тау кластері – басты назарда

Туризмнің негізгі бағыттарының бірі – Алматы тау кластері. 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес, Тұргеннен Қаскелеңге дейінгі тау-шаңғы базаларын дамыту жоспарланған. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан курорттарына келген 3,4 миллион туристің 2 миллионы осы тау кластерін таңдаған. Бұл жалпы көрсеткіштің 58 пайызын құрайды.

Алматы облысы туризмді дамытуда экологиялық бағытқа ерекше көңіл бөліп отыр. Табиғи байлықты сақтау мен туристік инфрақұрылымды үйлестіре дамыту – басты басымдық. Сарапшылардың айтуынша, жобаға шамамен 6 млрд теңге инвестиция қажет.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz