Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы тұрғындарының назарына!

Қазақстанның барлық ірі қалаларында ұйымдастырылып жатқан «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция аясында Алматы облысында да ауқымды іс-шара өтпек, деп хабарлайды alataunews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы әкімдігі 2025 жылғы 30 мамыр күні, сағат 17:00-де Қонаев қаласында және облыс аумағындағы барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» акциясының басталатынын хабарлайды.

Аталған акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Әрбір азамат еліміздің заң саласының ең үздік мамандарынан тегін кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында:

  • атақты адвокаттар мен нотариустар,

  • прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары,

  • сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен өз саласының білгірлері бар.

Игі шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асады. Ұйымдастырушылар қатарында:

  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,

  • ҚР Әділет министрлігі,

  • Zakon.kz желілік басылымы,

  • «Параграф» ақпараттық жүйесі,

  • Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар мен еліміздің танымал заңгерлері бар.

«Халық заңгері» акциясы бүгінде игі дәстүрге айналып, қарапайым халықтың ризашылығына ие болып отыр. Форматы мен географиясы жағынан бұл шараның баламасы елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де сирек кездеседі.

Іс-шара өтетін орындар мен жауапты тұлғалар тізімі:

№АуданӨткізу орныЖауапты тұлғаБайланыс нөмірі
1Қонаев қ.Қала орталығы, Жамбыл көшесі, 13Тұрсын Марат Файзұллаұлы8 (727) 724-30-99
2Балқаш«AMANAT» партиясы ғимараты, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75Бекмағанбетов Олжас Саинович8 (776) 261-44-44
3ЕңбекшіқазақМәдениет үйі, Есік қаласы, Абай көшесі, 31АМұсаханов Райымбек Кенжебайұлы8 (707) 577-57-90
4ЖамбылМәдениет үйі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 53Төлеуқұлова Айнұр Сатыбалдықызы8 (707) 992-22-63
5ІлеАрбат, Отеген батыр ауылы, Титова көшесіПошан Айдана Дәуірбайқызы8 (778) 447-98-09
6ТалғарМәдениет үйі, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 98Сайлыбай Дінмұхамед Ерікұлы8 (708) 159-10-05
7ҚарасайМәдениет үйі, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 40Амирханова Үміт Әділқызы8 (775) 745-15-00
8КегенХҚКО, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 19аСарыбаев Дархан Нұрасылұлы8 (777) 345-09-07
9РайымбекХҚКО, Нарынқол ауылы, Амангелді көшесі, 22Керімбаев Ернат Сайлаубайұлы8 (705) 137-39-01
10ҰйғырМәдениет үйі, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 67Рамазанова Динара Мұратқызы8 (702) 814-77-33
11Алатау қ.ХҚКО, Жетіген шағын ауданы, Уәлиханов көшесі, 109АҚұрманғали Ернат Қуатұлы8 (700) 022-12-99

Құқықтық мәселелер бойынша көмек қажет болса – «Халық заңгері» акциясына келіңіз! Бұл – заңгерлермен бетпе-бет кездесіп, нақты шешім табудың тиімді жолы!

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz