Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Travel + Leisure Central Asia жобасына қатысты

2025 жылғы 20 маусымда Ташкент қаласындағы әйгілі Алай базарының орталық алаңында бүкіл Орталық Азия өңірі үшін айрықша оқиға - Travel + Leisure Central Asia атты жаңа халықаралық жобаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Журнал әйгілі америкалық Travel + Leisure бренді лицензиясымен жарық көріп, саяхат, мәдениет және өмір салтына арналған жоғары сапалы контент ұсынады.

Іс-шараның негізгі мақсаты — өңіраралық ынтымақтастықты нығайту. Осы ретте Алматы облысы әкімдігінің делегациясы шараға құрметті қонақ ретінде қатысып қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға белсенді серіктес ретінде танылды. Бұл қатысу — өңірдің жаһандық туристік нарықтағы орнын айқындайтын нақты қадамдардың бірі.

Алматы облысының халықаралық жобаға қатысуы — өңірдің ашық, серпінді және жаһандық туризм үшін тартымды аймақ ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Табиғи байлығы, тарихи-мәдени мұрасы мен алуан түрлі туристік бағыттары арқылы облыс ішкі және сыртқы туризмнің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

«Біздің өңір – Қазақстанның көркем әрі қарқынды дамып келе жатқан туристік аймағы. Біз экотуризмді, агротуризмді және заманауи мәдени демалыс форматтарын дамытудамыз. Өңіріміздің табиғи және мәдени байлығын әлем жұртшылығымен бөлісуге ұмтыламыз. Бұл жоба —- жай ғана журнал емес, Орталық Азияның бай мәдениеті мен табиғатын әлемге танытатын маңызды алаң», — деді Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков.

Жобаның бас редакторы Барно Икрамова Travel + Leisure Central Asia журналының басты мақсаты — заманауи Орталық Азия келбетін қалыптастырып отырған бағыттар мен тұлғаларды, көрікті орындарды жаһанға таныстыру екенін атап өтті. Ал BHH Enterprises директорлар кеңесінің төрағасы Бекзод Хамзаев бұл бастама туризм мен мәдениетаралық байланысты дамытуда тиімді платформа болатынын жеткізді.

Алай базарында өткен тұсаукесер — Орталық Азия елдерін ортақ тарих пен мәдени мұра арқылы біріктіретін маңызды символға айналды. Іс-шара аясында журналдың алғашқы саны таныстырылып, қатысушы елдер өкілдері өз баяндамаларын ұсынып, өңірдің мәдени мұрасын танытатын арнайы бағдарлама өтті.

Travel + Leisure Central Asia жобасының іске қосылуы — ақпараттық мәнге ие оқиға ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияны жаһандық деңгейде жаңа қырынан көрсетуге бағытталған стратегиялық бастама. Бұл үдерісте Алматы облысы — өңірлік туризмнің ірі хабы ретінде жетекші рөл атқарып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz