Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы – өнеркәсіп пен аграрлық сектордың драйвері

Алматы облысы еліміздің алдыңғы қатарлы индустриялық өңірлерінің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Соңғы үш жарым жылда аймақта 6,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, тұрақты экономикалық өсім байқалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мәселен, 2024 жылы өнеркәсіп көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артса, ағымдағы жылдың жеті айындағы өндіріс индексі 106,6 пайызды құрады.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңір үшін шикізаттық емес экономика негізгі басымдық болып қала береді.
– Бұл бағыт тұрақты индустриялық база қалыптастырып, жаңа өндірістердің дамуына жол ашады, – деді аймақ басшысы.

Алматы облысы азық-түлік өндірісінде жетекші орынға ие. Мұнда еліміздегі көкөніс шырындарының 96 пайызы, балмұздақтың үштен екісі, сүзбенің жартысы өндіріледі. Сондай-ақ, гипсокартон өндірісінің 80 пайызы осы өңірде шоғырланған. Облыста темекі индустриясының жалғыз орталығы орналасқан, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің төрттен бірі қамтамасыз етіледі.

Өңірге шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы артып отыр. 2025 жылы кореялық KT&G компаниясының құны 80 млрд теңгелік зауыты іске қосылып, 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығы да аймақ экономикасының маңызды саласы саналады. Бұл сектор республика көлемінің 12 пайызын құрап отыр. Соңғы үш жылда шикізаттық емес экспорт көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге артты.

Ірі инвестициялық жобалардың қатарында қытайлық Jiangxi Copper компаниясының 135 млрд теңгелік вольфрамды қайта өңдеу жобасы, Almaty Insulation жылу оқшаулағыш зауытының құрылысы (43,8 млрд теңге), сондай-ақ құны 70 млрд теңгеге дейінгі Focus Logistics қойма кешендері бар.

2025 жылдың соңына дейін облыста жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 жаңа жоба іске қосылады деп күтілуде. Олардың ішінде PepsiCo компаниясының Lay’s зауыты (71 млрд теңге), LC Waikiki таратылым орталығы (30 млрд теңге) және Qazaq Global Food зауыты (16,5 млрд теңге) бар.

Энергетика саласына да ерекше назар аударылып отыр. Шелек ауданында қуаттылығы 60 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілсе, Қонаев қаласында 110 МВт электр станциясы салынуда. Бұл жобалар аймақтың энергия тапшылығын азайтып, өнеркәсіптік өсімге серпін береді.

Жалпы, Алматы облысы индустриялық, аграрлық және экспорттық әлеуетін нығайта отырып, ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz