Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Цинхай провинциясы жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясы өзара әріптестікті жаңа деңгейге көтерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Тараптар экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және достық қатынастарды нығайту бағыттарын қамтитын жеті меморандумға қол қойды. Құжаттар бес жылға жасалып, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі таңда облыста қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Екіжақты тауар айналымының көлемі жылына 1 миллиард АҚШ долларынан асып отыр.

Кездесу барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Цинхай провинциясы КПК комитетінің бірінші хатшысы У Сяоцзюнь стратегиялық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Әсіресе ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, медицина, трансшекаралық сауда және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Осыған дейін Алматы облысының 37 жас тұрғыны Синьцзян университетінде толық грант негізінде білім алған болатын. Жаңа келісімдер студенттер алмасуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй Қазақстан мен Қытайды достық пен өзара сенімге негізделген ынтымақтастық рухы байланыстыратынын атап өтті.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы бұл әріптестік Алматы облысының экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, білім және мәдени байланыстарды да күшейтпек, – делінген кездесуде.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz