Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы ел бойынша өмір сүру ұзақтығы жөнінен үшінші орынға шықты

Қазақстан өңірлері арасында Алматы облысы орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша үшінші орын алды. Бұл туралы alataunews.kz хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ресми деректерге сәйкес, елордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 78,5 жасқа жетіп, бірінші орынға шықты. Одан кейін Алматы қаласы – 78,3 жас көрсеткішімен екінші орында. Алматы облысында бұл көрсеткіш 76,2 жасты құрады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалып отыр. Мәселен, туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 21,5 пайызға төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші 6,5 пайызға азайған. Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте анықтау үлесі 34,6 пайызға жетті. Инфаркт алған науқастардың барлығы дәрігерлерге ұсынылған екі сағат көлемінде жеткізіліп, дер кезінде медициналық көмек көрсетілуде.

Өмір сүру ұзақтығы жоғары өңірлер:

  • Астана – 78,5 жас

  • Алматы – 78,3 жас

  • Алматы облысы – 76,2 жас

  • Қарағанды облысы – 75,1 жас

  • Павлодар облысы – 74,9 жас

Өмір сүру ұзақтығы төмен өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 72,9 жас

  • Маңғыстау облысы – 74,2 жас

  • Түркістан облысы – 74,3 жас

Айта кетейік, Қазақстандағы ең қарт тұрғын да дәл осы Ұлытау облысында тұрады. Биыл 115 жасқа толған Түймегүл Темірбаева мерейлі жасын атап өтіп, ел назарын аударды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта 10 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта жасанды интеллект пен IT технологияларына арналған Konaev Fest өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz