Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы экология департаментінің басшысы тағайындалды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №265 бұйрығымен Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Бақытжан Мәметжанұлы Молдахметов тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бақытжан Мәметжанұлы 1976 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы Алматы технологиялық институтын «инженер-технолог», 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие», 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану», ал 2024 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «экология» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қаратал-Мұнай» серіктестігінде бөлім бастығы қызметінен бастаған. Кейін Қапшағай қаласы, Қарасай және Талғар аудандарында қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істеді. Сондай-ақ Балқаш-Алакөл экология департаментінде инспектор, бас маман, бөлім басшысы болып еңбек етті.

Одан бөлек, «Жетісу-Энерготрейд» серіктестігі мен «ТАТЭК» компаниясының құрылымдарында, Қарағанды және Қостанай облыстарының экология департаменттерінде басшылық қызметтер атқарды. Талғар ауданы мен Қонаев қаласы әкімдіктерінде де түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

2022 жылдың қарашасынан бері Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz