Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы – бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер тоғысқан өңір

Алматы облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамытуға айрықша назар аударылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде қолға алынып, халықты салауатты өмір салтына тарту, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды нәтижелер көрсетуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мәселен, 2022 жылы 4 158 шара өткізілсе, 2023 жылы олардың саны 4 753-ке жетіп, 14,3 пайыздық өсім тіркелді. Ал 2024 жылы да оң динамика сақталып, 4 825 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда тағы да 1,5 пайыздық артық көрсеткіш.

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында облыс көлемінде 2 587 спорттық іс-шара өткізілді. Жалпы 2025 жыл қорытындысымен өңірде 3 Азия чемпионаты, 9 Қазақстан чемпионаты, 6 халықаралық, 23 республикалық, 95 облыстық чемпионат және 80 облыстық турнир өткізілді. Сондай-ақ аудандық және қалалық деңгейдегі 2 371 жарыс ұйымдастырылып, мыңдаған спортшы қамтылды.

Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиадалар, отбасылық спорт жарыстары, жаппай жүгіру марафондары, әртүрлі спорт түрлерінен ашық турнирлер облыс жұртшылығының сүйікті дәстүріне айналды.

2025 жылы өткізілген айтулы спорттық шаралар қатарында «Ұлы дала жорығы – 2025» халықаралық марафон-бәйгесі, Талғар ауданындағы IV Азия чемпионаты (аударыспақтан), Қарасай ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған «BATYR BALA – 2025» халықаралық турнирі, сондай-ақ Қонаев қаласында өткен «OCEANMAN QAZAQSTAN – 2025» халықаралық жүзу жарысы бар. Бұдан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында өткен, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир де жоғары деңгейде өтті.

Бұл көрсеткіштер Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бұқаралық спортты дамытудың өңірде жаңа серпін алғанын айқын дәлелдейді.

Инфрақұрылымдық даму қарқыны

Алматы облысында спорттық инфрақұрылымды дамыту бұқаралық спорттың өркендеуіндегі негізгі алғышарттардың бірі. 2022–2024 жылдар аралығында халықтың спорт нысандарына қолжетімділік көрсеткіші айтарлықтай өсті.

Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі:

  • 2022 жылы – 39,6%;

  • 2023 жылы – 49%;

  • 2024 жылы – 50,14%.

Бұл – небәрі екі жылдың ішінде 10,54 пайыздық тармаққа өскен көрсеткіш.

Облыс бойынша спорттық нысандардың жалпы саны 2022 жылы 2229 болса, 2023 және 2024 жылдары ескі нысандардың есептен шығарылуына байланысты 1891 бірлікті құрады. Дегенмен жаңа спорт нысандарының ашылуы бұл олқылықтың орнын толтырып келеді.

2023 жылы пайдалануға берілген ірі нысандар қатарында Райымбек, Ұйғыр, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарындағы спорт кешендері бар. 2024 жылы Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылында және Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында жаңа кешендер ашылды.

2025 жылы да ірі жобалар қолға алынып отыр. Кеген ауданының Жалағаш ауылында 50 орындық спорт кешенінің құрылысына 1,1 млрд теңге бөлініп, жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң аясында іске асырылуда. Сонымен қатар, Жамбыл ауданының Тарғап ауылында 70 орындық кешеннің құрылысы басталып, оған жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорымен бірлескен жобалар аясында Жамбыл ауданының Беріктас ауылында және Кеген ауданының Ақсай ауылында ангар үлгісіндегі спорт залдарын салу жоспарланып отыр.

Облыс әкімдігі, спорт басқармасы және орталық органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде бұл өңір еліміздегі спорттық дамудың алдыңғы қатарлы аймақтарының біріне айналып отыр.

Алдағы жылдары да Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасып, халықтың жаппай спортқа тартылуы мен спортшылардың халықаралық жетістіктері еселей түспек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz