Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы бойынша ҰКП Экономика министрлігінен кәсіпкерлер үшін гранттарды ұлғайтуды сұрады

Ұлттық экономика министрлігінің басшысымен өткен кеңесте "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Қуандық Чункунов шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін көтерді.

10.02.2023
Аймақ

Оның айтуынша, бастапқы бизнес үшін гранттық қаржыландыру қолжетімді. Бұл 400 АЕК (1 млн 380 мың теңге) мөлшеріндегі гранттар, сондай-ақ 5 млн. теңгеге дейінгі сомадағы гранттар. 2022 жылы облыс бойынша 1,1 млрд. теңге сомасына 902 мемлекеттік грант (400 АЕК бойынша) берілді.

2022 жылы 5 млн-ға дейін мемлекеттік гранттар беруге небәрі 96 млн. теңге бөлінді, оның 20%-ы республикалық бюджеттен. Бұл сома 20 грантты қаржыландыра алады, алайда гранттың осы түріне 714 өтінім түсті. Осылайша, бекітілген, бірақ берілмеген гранттар бойынша сома 474 млн. теңгені құрады, деп атап өтті Қуандық Чункунов.

«Атамекенге» гранттық қаржыландыруды ұлғайту бойынша бірнеше рет өтініштер келіп түседі. Осыған байланысты Әлібек Сәкенұлы, мемлекеттік гранттарды қаржыландыру сомасын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», — деді ол.

Ол сондай-ақ, 2021 жылдан бастап қолданыстағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес және қаржылық шаралары іске асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шараларына мыналар жатады:

1. «Бастау» жобасы — кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. «Бастау» жобасы аясында 3 922 адам білім алды.
2. «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы операторы болып табылатын сервистік қолдау, ақпараттық қамтамасыз ету. Алматы облысының барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді.

Өткен жылы олар 5 850 клиентке 14 946 қызмет көрсетті, бұл жоспардың 122,1% құрады. Ал Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2022 жылы 2050 сервистік қызмет көрсетті (бухгалтерлік, маркетингтік, заңгерлік), бұл жоспардың 120%-ы.

Бұдан басқа, кәсіпкерлер үшін «Бизнеске арналған үкімет» порталы қолжетімді, онда кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтердің үлесі ұлғайтылды.

Платформада әрбір кәсіпкердің мемлекеттік бағдарламалармен танысу мүмкіндігі бар, өз бизнесін дамыту, құзыреттілігін арттыру және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметтер мен кеңестің кең көлемін ала алады.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz