Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы биыл МӘМС-ке 6,4 млрд теңге аударды

Мұны бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ-ның Алматы облыстық филиалының директоры Сәбит Пазилов айтты.

29.03.2023
Аймақ

«Жыл басынан бері облыста медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар мен аударымдар 6,4 млрд. теңгені құрады. 01.01.2023 жылы халық саны — 1 539 575 адам. 1 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысы бойынша сақтандырылған халық саны — 1 221 816 адам», — деді филиал директоры.

Оның айтуынша, қала және облыс аудандарын бөліп қарастырғанда сақтандырылмаған азаматтардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша Райымбек ауданы 1-орында тұр. Одан кейін Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары көш бастап отыр.

Сонымен қатар филиал басшысы биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап МӘМС жарналарын төлеудегі өзгерістер туралы айтты:

  • жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін жалақы мөлшерінің 3%;
  • жалдамалы жұмыскерлер мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты бойынша жұмыскерлер өз табысының 2%;
  • жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақыдан 5%, яғни 4 900 теңге;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар — республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін мөлшері 1 АЕК, яғни 3 450 теңге, қалған елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды, яғни айына 1 725 теңге;
  •  дербес төлеушілер 3 500 теңге төлеуі қажет.

«2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Осы әдіс бойынша барлық міндетті төлемдердің мөлшері жұмыс берушілер үшін 15%, ал қызметкерлер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10% құрайды. Бұл ретте төлем есептелетін ең жоғары айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс», — деді филиал директоры.

Сәбит Пазиловтың айтуынша, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін жарна төлеуді (4 505,6 тг) жалғастырады.

Тегтер: Алматы облысыМӘМС

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz