Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: 9-11 желтоқсан күндері еркін күрестен ашық турнир өтеді

Аталған спорт додасы Талғар ауданында өтеді. Бұл шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілмек және Қазақ батыры Қарақұл Татанұлының құрметіне арналады.

06.12.2022
Аймақ, Әлем

Турнир облыстық спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Күрес бәсекесіне орай бүгін Тұздыбастау ауылының Мәдениет үйінде баспасөз брифингі өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «бұқаралық спорт түрлерімен халықтың 30-40 пайызы айналысу керек» деді. Бұл турнир ең бірінші кезекте осы мақсатты көздейді. Алдағы уақытта спорт шеберіне кандидат атағын беретін жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — деді Талғар ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Сүйіндік Қасболатов.

Ал ауданның Ұлттық спорт федерациясының президенті Нұрболат Каримовтың айтуынша, Қарақұл Татанұлының атындағы жарыс осымен 4-рет өткізілмек.

«Еркін күрестің ерекшелігі — кілем үстінде кез келген күрес түрінің әдісін қолдануға болады. Мұнда белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді», — деді Нұрболат Каримов.

Жас спортшылардың қойған сұрақтарына Талғар ауданынан шыққан Азия чемпионатының жүлдегері, І дүркін ҚР чемпионы Дәулет Тәжібай мен ҚР ІІІ дүркін чемпионы Ахмад Мұрат жауап берді. Олар балаларға сәттілік тілеп, еркін күреспен айналысудың қыр-сырымен бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: еркін күрестурнир

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz