Балқаш балық инспекциясы бөлімі, су полициясы мамандары және «Саюшкин» ЖШС қорықшылық қызметімен бірлесіп жүргізген рейд барысында аумен заңсыз балық аулаған К. есімді азамат ұсталды. Ол өз әрекетін №48 балық шаруашылығында жүзеге асырған.

Мамандардың қолына түскен азамат 83,7 келі балық аулап үлгерген. Нәтижесінде мемлекетке 417 мың шығын келтіргені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу бабы бойынша іс қозғалды. Құқық қорғау органдары процесстік шешім қабылдағанға дейін 400 метр ау мен «Вихрь-25» моторлы қайығы тәркіленді.
Айта кетейік, «Браконьер» рейдтік шарасы 20 қазанда басталды, 19 қарашаға дейін жалғасады.





