Басқа жазбаларда құрылыс зиратқа жақындағанын, ағаштар кесіліп жатқанын, шұңқыр қазылғанын атап өтті. Бұл ретте зираттардан 300 метрге дейінгі қашықтықта құрылыс салуға ресми түрде тыйым салынған.
Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаевқа осы құрылысқа қатысты сұрақ қойылды. Ол бұл жерге тұрғын үй кешені салынбайтынын айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, Әл-Фарабиден жоғары көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салынады. Жер телімі әкімшілік ғимаратпен бірге жеке тұрғын үй құрылысына берілген. Өкінішке қарай, сіз айтып отырған зират тіркелмеген, (50-жылдардағы зират Іле ауданына қараған) тіпті қала картасында да жоқ. Зират жағдайымен айналысуды тапсырдым», — деді әкім.
Сондай-ақ, әкімдік құрылысқа рұқсат берілмегендіктен және құрылыс салушылардың жобалық-сметалық құжаттары болмағандықтан, жұмысты қала құрылысын бақылау бөлімі тоқтатқанын атап өтті. Шұңқыр заңсыз қазылған, қожайындардың біріне қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





