Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

АЭС салу: Үлкен ауылында көпшілік талқылау өтеді

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22.08.2023
Аймақ

21 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі Facebook парақшасында, Instagram-каналында және ресми сайтында, сондай-ақ Атамекен газетінде (№28) барлық ниет білдірушілерді талқылауға қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы ұсынылды. Зерттеу нәтижелері 2022 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды.

Қазақстан Республикасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Үкіметтің АЭС орналастыру ауданын таңдау туралы тиісті шешімін қабылдау үшін аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттың) келісімі талап етіледі. Осыған байланысты Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі тұрғындардың өз аумағында АЭС салу мәселесіне қатынасын анықтау мақсатында осы талқылауларға бастамашылық жасады.

Тыңдауларда экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың АЭС-ке әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Тыңдауға халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, ҚР Энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы, Қазақстанның ядролық қоғамы және экология, сейсмика, қауіпсіздік, энергетика, инфрақұрылым, ШОБ және т.б. салалардағы салалық сарапшылар қатысады.

Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарын қоя алады.

Осы жария талқылаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар болып табылмайтынын атап өтеміз. Қоғамдық тыңдаулар жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін жобаны экологиялық бағалау кезеңдерінде кейінірек өткізілуі тиіс.

Мақсаты – жергілікті халықтың өз аумағында АЭС салу мәселесіне қатынасын талқылау және анықтау.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz