Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әр ауылда – жаңа техника болу керек! Әкім Талғардағы жиында талап қойды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының әр ауылында жаңа ауыл шаруашылығы техникасы болуы тиіс екенін тапсырды. Бұл туралы ол Тұздыбастау ауылында өткен халықпен кездесуде айтты.

Мөлдір Иманмади
15.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Әкімнің айтуынша, аудан әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі – егіс алқаптарын әртараптандыру және тиімді дақылдардың көлемін төмендетпеу. Қазіргі уақытта, облыста астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр. 5 шілдеде басталған жұмыстар аясында дәнді дақылдардың 32,1%-і жиналды. Бұл — 98,8 мың тонна астық, орташа өнімділігі гектарына 17,9 ц. Сондай-ақ, 6,6 мың тонна картоп (2,9%) және 69,2 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары (15%) жиналған.

«Фермерлер үшін басты міндет – өнімді толық көлемде әрі уақтылы жинау. Осы орайда, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселесі өзекті болып отыр. 2025 жылы облыс бойынша 490 бірлік жаңа техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 209 бірлік техника алынған, бұл жылдық жоспардың 42,7%-ін құрайды. Заманауи тракторлар, астық жинайтын және арнайы технологиялық жабдықтар ауыл еңбеккерлерінің жұмыс сапасын арттырып, өнімділікті едәуір көтереді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Талғар ауданында ауыл шаруашылығы техникаларының 47,5%-і ескірген. Жыл басынан бері 836,1 млн теңгеге 19 жаңа техника алынған, бұл жоспардың 36,5%-і (жоспар – 44 техника). Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл техника паркінің кемінде 6,5%-ін жаңарту көзделіп отыр.

«Кең дала» несиелік бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 15,7 млрд теңге бөлінген. Қазір 2,8 млрд теңгеге 67 өтінім түсіп, оның ішінде 2,7 млрд теңгеге 59 несие мақұлданған. Талғар ауданы бойынша 11,3 млн теңгеге 1 несие берілген.

Бағдарлама фермерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, техника, тыңайтқыш және егін егу жұмыстарына қолдау көрсетеді. Әкімнің сөзінше, әр ауылдың бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануы өнім көлемін де, шаруалардың табысын да арттыруға жол ашады.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарМарат СұлтанғазиевТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz