Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлихан Смайылов Үлкен Алматы айналма жолын салу, G4 City-ді дамыту және Қонаев қаласын жылумен жабдықтау жұмысымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

13.01.2023
Аймақ

Әлихан Смайылов тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамыту барысымен танысты, сондай-ақ «Жылу орталығы» жылумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысын тексерді.

Үкімет басшысына жалпы ұзындығы 66 км Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы баяндалды. Сонымен қатар, автожолды абаттандыру және жолақысын алудың интеллектуалды жүйесін енгізу және көлік құралдарын динамикалық өлшеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Премьер-министр бұл автомагистраль өңірдің экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ететінін, оның инвестициялық және туристік әлеуетін арттыратынын атап өтті. ҮАААЖ Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға, Алматыдағы көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді деп күтілуде, яғни қала экологиясына оң әсерін тигізеді.

«Бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан өте маңызды, алғашқы инвестициялық жобалардың бірі. Ол өңірдің экономикалық дамуына тың серпін беріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырады. Әкімдік ҮАААЖ-ға дейінгі радиалды жолдарды тез аяқтауы керек. Үкімет өз тарапынан қажетті көмек көрсетеді», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр Gate City серіктес қаласындағы «Қоянқұс» тұрғын ауданында жалпы алаңы 290 мың шаршы метрден асатын 70 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.

G4 City-ді дамыту тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұрады: Gate – іскерлік және қаржы орталығы, Golden – білім беру және медициналық хабтар, Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар, Green – туристік кластер. Қазіргі уақытта Gate City аумағында магистральдық инженерлік желілер жүргізіліп, «Қоянқұс» тұрғын ауданының құрылысы басталды.

«Біз G4- City Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан экономикалық және туристік орталыққа айналады деп ойлаймыз. Облыс әкімдігі жобаның әлеуметтік бағытына, ең алдымен қаладағы тұрмыс сапасына барынша көңіл бөлуі қажет», — деді ол.

Қонаевта Үкімет басшысы 2020 жылы газға ауыстырылған «Жылу орталығы» қалалық жылумен жабдықтау ұйымының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта кәсіпорын шамамен 179,72 Гкал/сағ өндіреді және 30 мыңға жуық абонентті, бюджеттік ұйымдарды және басқа да объектілерді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

Әлихан Смайылов жылумен жабдықтау көзін газға ауыстыру оның энергия тиімділігін арттыруға және атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын едәуір төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Қонаевқа облыс орталығы мәртебесін беру оның дамуына айтарлықтай серпін беріп, қалаға халық ағынын арттырды. Өңірде жылу энергиясын тұтынушылар санының өсуін ескере отырып, әкімдік жылу көздерінің қуатын арттыру мәселелерін пысықтауы қажет», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Премьер-министр 2003 жылы жеке инвестициялар есебінен салынған және гипстен жасалған бұйымдар, құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ мырышталған профильдер шығаратын «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС кәсіпорнына барды.

Қазіргі уақытта өндіріс 100% қуаттылықпен жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері ішкі нарыққа және таяу шетелдерге: Ауғанстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріне жеткізіледі. 2022 жылы жалпы өндіріс көлемінің 30%-дан астамы экспортқа жіберілді.

Әлихан Смайылов Үкімет құрылыс индустриясында жоғары технологиялық кәсіпорындар құруды белсенді қолдайтынын, бұл импортты алмастыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Шетелдік инвестицияларды тарта отырып, мұндай жобаларды іске асыру инвесторларды қолдау бағытында мемлекеттің сенімді көрсеткіші болып табылады. Облыс әкімдігі жаңа индустриялық жобаларды іске қосу үшін қолайлы жағдай жасауды одан әрі жалғастыруы тиіс», — деді ол.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz