Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылы Қонаевта инвестиция көлемі 146,8 млрд теңгеге жетті

2025 жылы Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіммен сипатталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша шаһарда инвестициялық белсенділік артып, өндіріс көлемі ұлғайып, кәсіпкерлік секторы нығая түсті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылы Қонаев қаласында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 146,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 млрд теңгеге артық, яғни қала экономикасына салынған қаржы айтарлықтай өскен.

Өнеркәсіп саласында да оң динамика байқалды. Бір жыл ішінде өндіріс орындары 90,8 млрд теңгенің өнімін шығарып, өңдеуші сектордың әлеуеті артқанын көрсетті.

Шағын және орта бизнес қаланың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Қонаевта 6 718 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аталған сектордан бюджетке 39,2 млрд теңге салық түскен. Ал өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 439,4 млрд теңгеге жетті.

Алдағы жылдары қалада жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 40-тан астам ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Олардың қатарында «Жаңа Іле» аумағында академиялық қалашық салу, қонақ үйлер мен демалыс аймақтарын дамыту, эко-саябақтар мен өндірістік нысандар салу жобалары бар. Қазіргі таңда бірқатар жобалар бойынша жер телімдері айқындалып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2025 жылы Қонаевта үш түрлі өнім өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Сонымен қатар кардиологиялық орталықтың, Алматы–Өскемен автожолы бойындағы бұрынғы ойынхана аумағында орналасқан қонақ үй кешенінің, жанар-жағармай бекетінің және аквапарктың құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

2026 жылы бірқатар ірі нысандардың құрылысы басталады. Атап айтқанда, Hilton халықаралық қонақ үйі, «Новая АЗС» ЖШС – Compass жанар-жағармай бекеті, «Белес» ЖШС – кірпіш зауыты, сондай-ақ «Alidar» ЖШС мектепке дейінгі білім беру нысанын салуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында да оң үрдіс сақталды. 2025 жылы бұл саладағы өнімнің жалпы көлемі 21,7 млрд теңгеге жетті. Негізгі көрсеткіштер бойынша жылқы саны 21,4%-ға, ет өндірісі 29,8%-ға, сүт өндірісі 21,7%-ға, ал жұмыртқа өндіру 41,6%-ға артқан.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 11 769,3 гектарды құрады. Егіс құрылымында жоғары рентабельді дақылдарға басымдық беріліп, алдағы кезеңде суармалы егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, 2025 жылы Қонаевта 62 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 31,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда қала аумағында 11 жеке құрылыс компаниясы тұрғын үй кешендерін салып жатыр.

Жалпы көрсеткіштер Қонаев қаласының экономикалық әлеуеті нығайып, инвестициялар мен жаңа жобалар есебінен даму қарқынының сақталып отырғанын аңғартады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Символ единства и чистоты: в Илийском районе прошла акция «Таза өлке – таза жер»

Николай Иващенко
14.04.2026

Убийство Шерзата Полата: двоим осужденным отказали в изменении приговора

Николай Иващенко
14.04.2026

«Таза Казахстан» в городах и селах: в Кегенском районе 15 апреля состоится акция по посадке деревьев

Николай Иващенко
14.04.2026

Лазерные системы появились на дорогах Алматинской области

Николай Иващенко
14.04.2026

Дроны против саранчи – Минсельхоз готов к сезону борьбы с вредителями

Николай Иващенко
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz