Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2023 жылы Алматы облысында 1264 отбасыға пәтер кілті табысталады

Бүгін Алматы облысының әкімі кезекті басқосу өткізді. Жиын барысында Марат Сұлтанғазиев халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды.

20.02.2023
Аймақ

Облыс басшысының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде тұрғын үйге кезекте тұрғандардың саны 36 мыңнан асады, ал жерге кезекте тұрғандардың саны 1 миллионнан астам. Былтыр 1 445 адам баспаналы болды. Оның ішінде әлеуметтік осал топтан шыққан 260 отбасы бар.

«Биыл 811 мың шаршы метр, оның ішінде бюджет есебінен 104 мың шаршы метр тұрғын үй мен 70 коммерциялық үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа пәтерлерге 1 264 отбасы ие болады. Атап айтқанда, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша — 1 032, «жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша — 232 адам», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, «Отбасы банкі» бағдарламаларын ескере отырып, тұрғын үй көлемін ұлғайту жөніндегі облыстық жоспар қабылданады. Бұдан бөлек, «Алатау жастары» бағдарламасы бойынша облыс жастары жеке тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Тегтер: Алматы облысыбаспанаҚонаевМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz