Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

15 жастағы бойжеткен қол күрестен Әлем чемпионы атанды

Ұйғыр ауданында спорт саласы қарыштап дамып келеді. Оған 15 жастағы Раушан Тоқтарбайдың қол күрестен 2 дүркін чемпион әлем чемпионы атанғаны дәлел. Осыған байланысты және мәселелерді талқылау үшін аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде келелі кездесу өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
24.02.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жас спортшы өзінің бұл спортқа келгеніне көп болмағанын айтты.

«Армрестлингке 2022 жылы келдім. Бір жыл ішінде Алматы облысының чемпионы атандым, ҚР чемпионатында 3 орын иелендім. Ең соңғы жетістігім Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында бас жүлдені иеленуім болды», – деді Раушан.

Кездесуге құрметті қонақ ретінде жеңіл атлетикадан ҚазКСР-нің 12 мәрте чемпионы болған 93 жастағы спортшы Армия Ушуров шақырылды. Қария спорттың маңыздылығы жайында әңгіме қозғады.

 Жалпы бұл мектептің іргесі 1971 жылы қаланған. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, армрестлинг, бокс секілді 11 спорт үйірмесінде 1048 бала жаттығады.

«2024 жылы 134 спортшымыз түрлі біріншіліктерде жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде алтын алғандардың саны – 42. Ғимараттың ескі екені рас. Алайда, жаттығу мен спортқа бейім болу үшін ең алдымен баланың бойында талпыныс болуы қажет. Алдағы жылдарда үлкен спорт кешені ашылады деп жоспарланып отыр. Сол қуанышты жаңалықты асыға күтіп жүрміз», — деді мектеп директоры.
Тегтер: армрестлингБасты жаңалықтарқол күресРаушан Тоқтарбайспорт жаңалықтарыҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz