Жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, іс ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 305-бабы тәртібімен қаралып, айыптау актісімен бірге Алматы облысының прокуратурасы оны Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған межрайондық сотына жіберген. Сот Қаскеле қаласында орналасқан.
Істің негізгі фигурантына Қылмыстық кодекстің 12 бірдей бабы бойынша айып тағылып отыр.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар деп танылған тағы екі кәмелетке толмаған күдіктіге адам өлтіру, адам ұрлау бойынша айып тағылған.
Қылмыстық істің сотта қаралу мерзімі кейінірек жарияланатын болады.





