Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарының басталуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) жүздеген қазақстандық елге орала алмай отыр. Бұл туралы Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026
Әлем, Жаңалықтар, Саясат

Ақпаратқа сәйкес, өңірдегі дағдарыс 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Иран астанасына жасаған жойқын соққысынан кейін ушыққан. Шабуыл салдарынан Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланды. Бұған жауап ретінде Иран тарапы АҚШ-тың аймақтағы базалары мен Израиль аумағына зымырандық соққы жасаған.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыс үстіндегі әуе кеңістігі жабық. Бұл халықаралық әуе қатынасының уақытша тоқтауына әкелді.

БАӘ аумағында негізінен қысқа мерзімге іссапармен немесе демалысқа келген Қазақстан азаматтары қалып қойғаны айтылды. Елге қайту мүмкіндігі болмағандықтан, олардың бір бөлігі уақытша тұру және өзге де тұрмыстық мәселелер бойынша көмекке мұқтаж.

Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жергілікті жерде тұрып жатқан отандастарға үндеу жариялады.

«Егер сізде мүмкіндік болса (уақытша орналастыру, тамақтандыру немесе өзге де маңызды көмек), төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Сондай-ақ қиын жағдайда қалған отандастар туралы ақпарат білсеңіз, дипломатиялық миссияға хабарлауыңызды өтінеміз», – делінген хабарламада.

Жедел байланыс нөмірлері

Көмек көрсетуге дайын немесе көмекке мұқтаж азаматтар үшін шұғыл желілер іске қосылды.

Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігі:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778

Дубайдағы ҚР Бас консулдығы:
+971 50 570 1978
+971 4 547 5784

Email: dubaimfakz@gmail.com

Қосымша ақпарат пен ресми мәлімдемелер елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып жатыр.

Тегтер: ҚазақстанСІМ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz