Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әр балаға 100 мың теңге: ІІМ адам саудасына қатысты сұмдық мәліметтер айтты

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстандағы жаңа туған нәрестелер саудасы жайлы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: sb.by

Фото: sb.by

Оның айтуынша, 2023 жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты 19 жағдай тіркелген. Оның нешеуі бала болғаны жайлы Қожаев нақты айтпады.

«Істердің басым көпшілігі аяқталды. Шамамен 16-17 адам жаңа туған нәрестелер саудасы үшін жауапқа тартылды. Биыл бізде жаңа туған нәрестелер саудасы бойынша үш факт тіркелді. Бұл фактілердің барлығы ел ішінде орын алды. Ондағы сомалар әр бала үшін 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі аралықты қамтиды», — деді министрдің орынбасары мәжілісте.

Қазақстан заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ең ұзақ мерзім — 18 жыл бас бостандығынан айыру.

Мәжіліс депутаттары бүгін екінші оқылымда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң қабылдады. Құжат интернет арқылы жыныстық қызметтерді ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті, сондай-ақ егер медицина қызметкерлері ата-анасының балаларды перзентханада қалдыру фактілері туралы хабарламаса, олар үшін әкімшілік жауапкершілікті қамтиды. Заңда адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері жазылған.

 

Фото: sb.by

Тегтер: адам саудасыбала саудасыБасты жаңалықтарІшкі істер министрінің бірінші орынбасарыМарат Қожаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz