Атқарылған жұмыстармен танысып, өкілдерге бірқатар тапсырма берді. Қазір штабта 5 адам жұмыс істейді. Материалдық-техникалық база толық жасақталған. Облыс бойынша 100-ге жуық волонтер тартылған.
Өңірге республикалық штаб басшысы да барды. Ол волонтерлермен бірге пәтерлерді аралап, қалалықтармен кездесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат парақтарын таратты.
«Штаб жұмысын кестеге сай жасауда. Қызылорда облысы бойынша аудандар волонтерлармен қамтамасыз етілген. Күнделікті облыс бойынша, қала бойынша әлеуметтік сұрақтар түсуде. 5-6 сұрақтан қарастырып, халыққа жауап берілуде», – деді облыстық штаб жетекшісі Маржан Бисенова.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.




