Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

5 жасар қыздың қазасынан соң ерекше балалардың ата-анасы дабыл қақты

Қостанай облысында аутизм диагнозы қойылған бес жасар қыздың жоғалып, кейін денесі табылған оқиғадан соң Қазақстандағы ерекше балалардың ата-аналары дабыл қақты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ таратқан мәліметке сілтеме жасап.

12.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бес жасар Мәдинаның қазасы барша қазақ елін дүр сілкіндірді. Қалың жұрт оның аман-есен табылуын тіледі. Аутизмге шалдыққан, тілі шықпаған қыз баланың өлімі халыққа ауыр тиді. Аталған дертке ұшыраған балаларда қорқыныш сезімі болмайды, атын атағанда қарамайды және түсінігі қалыптастайды, дейді дәрігерлер.

Ерекше балалардың ата-аналары одағының жетекшісі Рауана Сағадиева әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, бұл қаза бүкіл ерекше балалардың ата-анасы үшін үлкен сабақ болғанын айтты.

«Сәбидің қазасынан соң көзімнің жасы тоқтар емес. Неше күн бойы бала аман қалар деп үміттендік. Алайда жағдайдың соңы осындай болды. 25-мамыр күні біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға арналған бағдарламамызды ұсындық. Біздің балаларымызды қоғам қабылдамайды, бірақ олар да бала, бар болғаны дамуында ерекшелік бар. Сондықтан, ерекше балаларға мемлекет тарапынан қолдау керек, қоғам тарапынан түсіністік қажет. Біз Жапонияны үлгі еттік. Аталған елде ерекше балаларға жағдай жасалған. Көзі көрмейтін, сөйлемейтін, құлағы естімейтін, аутист, диабетке шалдыққан балаларға олар арнайы бейдж бен білезік тағып қояды. Сол белгілер арқылы олар баланың қандай ерекшелігі барын біледі және көшеде адасып кеткен жағдайда бейджде жазылған байланыс нөмірлеріне хабарласып, баланың жақындарына хабар береді. Міне, нағыз инклюзия деген осы. Нағыз қамқорлық осы. Өкінішке қарай, біз одақ құрып, құзырлы органдарға қанша рет ұсынсақ да, еститін құлақ жоқ. Біз 15 бетке өз ұсынымызды жазып, жібердік. Жауап жоқ. Бізде халықтың үніне құлақ түру үшін міндетті түрде адам өлімі болуы керек пе?», — деді одақ жетекшісі.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz