Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

+42 градус: Қазақстанның басым бөлігінде ыстық күтіледі

Қазгидромет Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Астана қаласында 4 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.

4-6 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

4-6 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

4 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында 04 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

4 шілде Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 4 шілде күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

4-6 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

4 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 4 шілде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

4 шілдеде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 4 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

4 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 4 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

4 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 4 шілдеде найзағай күтіледі.

4 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 4 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

4 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

4 шілдеде Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 4 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с

4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

4 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 4 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

4 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 4 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында, тәулік бойы 5 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 4-5 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, 4 шілдеде облыстың таулы аудандарында, 5 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

4 шілдеде күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Тегтер: ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz