Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2029 жылға дейін 1 млн-нан астам отбасы баспаналы болады – Әлихан Смайылов

Ауыл аумақтарын дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

12.12.2022
Жаңалықтар

Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып жатыр. 1 млн-нан астам отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылы 15 млн. шаршы метрден астам, немесе 138 мың тұрғын үй салынуда. Апатты және тозығы жеткен үйлер бойынша қайта жаңарту бағдарламаларын іске асыру жұмыстары кеңейтіледі», – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық актілерге түзетулер қабылданды. Агломерацияларды дамыту туралы заң жобасы қазір Сенаттың қарауында. Жаңа әкімшілік реформа аясында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша тиісті Жол картасы әзірленді. Әкімшілік реформа мәселелері жөніндегі заң жобалары Парламент Мәжілісіне наурыз айында енгізілетін болады.

«Биыл 128 млрд теңге сомасына 576 ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасуда. Келесі жылы 663 ауылдық елді мекенде 140 млрд теңге сомасына 1,6 мың жобаны іске асыру жоспарланған. Ауыл аумақтарын дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленуде», – деді Үкімет басшысы.

Тегтер: үкімет

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz