Орталықтың мәліметінше, талапкерлер ҰБТ-ны жылына 5 ретке дейін тапсыра алады. Тестілеу кезеңдері мен мақсаттары келесідей:
Қаңтар, наурыз және тамыз айларында – ақылы негізде оқуға түсу үшін (3 рет);
Негізгі ҰБТ (мамыр–шілде айлары) – мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін (2 мүмкіндік).
ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
2026 жылы ҰБТ-ға төмендегі талапкерлер қатысу құқығына ие:
биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ.
Сондай-ақ, жекелеген санаттағы студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған:
ақылы негізде басқа мамандыққа ауысқысы келетін шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар және тамыз айларындағы ҰБТ;
ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуды жоспарлаған студенттер – қаңтар және тамыз айларындағы ҰБТ-ны тапсыра алады.
Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге тестілеу мерзімдері мен ережелерін алдын ала ескеріп, құжаттарды уақытылы дайындауға кеңес береді.





