Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

15 қараша – Ұлттық валюта күні құтты болсын!

Мөлдір Иманмади
15.11.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — теңге күні. 1997 жылы тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Атаулы мерекеде төл валютаның тарихына қысқаша тоқталуды жөн көрдік:

  • 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасының алғашқы дтзайнын жасаған суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
  • Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
  • 1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
  • 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
  • Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.
  • Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, Ұлттық валютаны теңге деп атауды Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz